Қаладағы әскери бөлімшелердің бірінің қызметкерлері қалада адасып қалған баланы тауып, оны ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға орнына тез жеткен әскери қызметшілер бірден іздеу жұмыстарын бастап, біраз уақыттан кейін баланы Гагарин Бульвары 1/1 мекенжайындағы үйдің жанынан тапқан. Бала ата-анасының мекенжайын білмегендіктен адасып, қатты қорқып қалған. Дегенмен ол жылы киінгендіктен тоңбапты. Әскерилер оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, аман-есен отбасына жеткізуге көмектесті.
Пікірлер