Мониторингтік топтар түрлік бұзушылыққа жол берген немесе лицензияларға қажетті қосымшаларсыз 406 нысанды анықтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз медициналық қызмет фактілерін және медициналық көмек көрсету кезінде стандарттардың бұзылуын анықтау үшін республика бойынша жеке емшара кабинеттері тексеріліп жатыр.
– Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 247 емшара кабинеті өз еркімен қызметін тоқтатты. Санитариялық талаптарға сай, емшара кабинеттері эпидемиологиялық тұрғыдан өте маңызды нысандардың қатарына жатады. Сондықтан олар денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын барлық талапты толық орындауы тиіс. Сонымен бірге, заңнама орта медицина қызметкерлерінің (мейірбикелердің) қандай қызмет көрсете алатынын нақты белгілейді. Бұл ережелер оларға инвазивті (денеге ену арқылы жасалатыДенсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз медициналық қызмет фактілерін және медициналық көмек көрсету кезінде стандарттардың бұзылуын анықтау үшін республика бойынша жеке емшара кабинеттері тексеріліп жатыр.
н) процедураларды орындауға рұқсат бермейді. Яғни мұндай қызметтерді тиісті лицензиясыз көрсетуге болмайды. Қалған нысандарға тексерулер жалғаса береді, – делінген хабарламада.
Бүгінгі уақытта 84 емшара кабинетіне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Тексеру барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:
– медициналық қызметті лицензиясыз жүргізу;
– санитариялық ережелерді сақтамау;
– дәрілік заттарды дұрыс сақтамау;
– білікті медициналық персоналдың болмауы;
– шұғыл көмек көрсету үшін жиынтықтың болмауы.
Жұмыс қорытындысы бойынша 15 миллион теңгеден астам сомаға 122 әкімшілік хаттама жасалған. Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында мониторинг пен бақылауды жалғастырады.
Пікірлер