A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Марқакөлдіктер Өскеменге сәлемдеме әкелді

Бүгін / Марқакол / Өскемен

Бүгін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында Марқакөл ауданының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара облыстық “Туған жер – алтын бесігім” жобасы аясында қолға алынып, аудандағы 5 ауылдық округтің ірі шаруашылықтары мен кәсіпкерлері өз өнімдерін қала жұртына ұсынды.

— Жәрмеңкеде жылқы, қой, ірі қара етінен бөлек, сары май, құрт өнімдері бар. 3 тоннадан астам жылқы, 2 тонна ірі қара, 3 тонна қой етін, 100 келі құрт, сары май өнімін әкелдік. Марқакөл, Ақбұлақ, Қалжыр, Төсқайың, Боран ауылдық округінен әкелінді барлығы, - деді аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Бейсенов. 

Тауар бағаларына келсек, еттің келісі 3000-3500 теңге аралығында,сары майдың келісі 7000 теңгеге сатылды.
- Өзім Қалжыр ауылынанмын. Марқакөлдің жәрмеңкесі деген соң арнайы келдім. Марқаның еті дәмді. 3 келі алдым қой етінен. Бағасы да жақсы, - деді Өскемен тұрғыны Бибігүл Төленова. 

Жәрмеңкеде аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық ойындар ойнатылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив