A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 20:00 0

Өскеменде «Kazakhstan Fashion Week Oskemen» сән шеруі өтті

Бүгін / ШҚО

Облыс орталығында сән индустриясының маңызды іс-шараларының бірі — «Kazakhstan Fashion Week Oskemen» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биылғы маусымда көрсетілімге алты дизайнер қатысты. Олардың қатарында Ресейден келген қонақтар да болды.

- Іс-шараға дайындық төрт ай бұрын басталған. Оның жоғары деңгейде өтуіне еріктілер, модельдер және БАҚ өкілдері үлес қосты. Жалпы 150-ден астам адам сән шеруінің ұйымдастырылуына атсалысты. Бұл сән апталығы Өскеменде екінші рет өтіп отыр. Көрсетілім барысында көрермен Алексей Чженнің жаңа топтамасын тамашалады, — деді ұйымдастырушы әрі дизайнер Лилия Каирова.

Сән апталығының мейманы, танымал дизайнер Лилия Рах жастардың сәнге деген қызығушылығы артып келетінін атап өтті.

— Өскеменге келгеніме өте қуаныштымын. Сән мен сұлулыққа деген қызығушылықтың артқаны қуантады. Қазір талғам өзгерді, жастар трендтен қалмайды. Сұлулықты түсіну — жақсы қасиет, — деді ол.

Ал шаш әрлеуші Ольга Плахотнюк бұл жобаға ұзақ уақыт бойы дизайнер ретінде қатысып келеді.

— Үш маусым қатарынан осы жобада дизайнер болдым, ал бүгін қонақ ретінде келдім. Бұл жобадан көп нәрсе күтемін, — деді ол.

Сән апталығы қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа топтамаларды тамашалауға мүмкіндік беріп, Өскеменнің шығармашылық ортасын тағы бір мәрте жандандыра түсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив