A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:30 0

Зайсан көлінде екі браконьер ұсталды

Бүгін / ШҚО / Зайсан

Өңірде 20 қазан-19 қараша аралығында «Браконьер» жедел алдын алу щарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның мақсаты — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды күшейту, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, өзге де табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу.

Шара барысында аңшылық алқаптарында, су айдындарында, көлік құралдарында, жануарлар өнімін қабылдау және өткізу орындарында 297 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 228 дерегі анықталды. Атап айтқанда, аңшылық ережелерін бұзу — 131, балық аулау ережелерін бұзу — 69, балық өнімдерін заңсыз тасымалдау — 1, жасыл желектерді заңсыз кесу немесе зақымдау — 4, өзге де құқықбұзушылықтар — 23 дерек.

Бұдан бөлек, Зайсан көлінде екі браконьер ұсталды. Олардан 327 келі көксерке және 17 келі табан балығы тәркіленді. Келтірілген шығын мөлшері 1,6 млн теңгеден асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив