A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:40 0

ШҚО-да 19 спутниктік терминал іске қосылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО әкімдігі Ұлттық «Қолжетімді интернет» жобасын іске асыру аясында “Jusan Mobile” АҚ байланыс операторымен бірлесіп, жоспарланған 30 OneWeb жиынтығының 19 спутниктік терминалын орнатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың жылдамдығы 50 Мбит/с дейін жетеді. Сондай-ақ 100 метрге дейінгі радиусты қамтамасыз ететін ортақ тегін Wi-Fi нүктесі құрылды.

Атап айтқанда, Алтай ауданында Северное, Богатырево, Восточное, Александровка, Сенное және Дородница ауылдары, Күршім ауданында Теріскей-Бөкенбай, Қыстау-Күршім, Күнгей-Бөкенбай және Қайнар ауылдары, Зайсан ауданында Шышытсу, Қабырғатал, Жіңішкесу және Қарасай ауылдары, Риддер қаласында Поперечное ауылы, Марқакөл ауданында Күнгей-Бөкенбай ауылы, Катонқарағай ауданында Рахман қайнарлары, Мойылды, Өрнек ауылдары, Тарбағатай ауданындағы Ахметбұлақ ауылы, Үлкен Нарын ауданындағы Сенное ауылы, Ұлан ауданындағы Манат ауылы, Шемонаиха ауданындағы Кандыковка ауылы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив