Бүгін ауа райының күрт нашарлауына байланысты облыстық және республикалық маңызы бар бірнеше тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
“ОблШығысЖол” ЖШС ақпартынша, бүгін сағат 14:00-ден бастап “Шемонаиха-Секисовка” (0-56 шақырым) облыстық маңызы бар тасжолында барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабық.
"ҚАЖсервис" ЖШС облыстық филиалы мәліметінше, бүгін сағат 14:00-ден бастап "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" 1104-1191 шақырым (Глубокое-Шемонаиха), “Өскемен-Риддер” 15-105 шақырым (Белоусовка- Риддер) республикалық маңызы бар тасжолында барлық автокөлік үшін қозғалыс жабылды.
Пікірлер