Синоптиктердің айтуыша, облыс орталығында таңертең жауып бастаған қар кешке дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Таза Өскемен" кәсіпорнының өкілдерінің мәліметінше, жағдай тәулік бойы бақылауда. Ауа райының өзгеруіне дереу назар аударылып, барлық техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, тротуарлар қардан тазартылуда.
Қауіпті жол учаскелеріне мұзға қарсы материалдар себіліп, еңістер, көпірлер және аялдамаларға баса назар аударылуда.
Пікірлер