A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:30 0

Қазақстанда жолаушылар тасымалы 11,9%-ға артты

Бүгін / Республика

Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1 591,3 млн жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жолаушы айналымы 74,3 млрд жолаушы-километрді құрап, 8,3% өсті. Көлік тасымалдарынан түскен табыс 1,2 трлн теңге болды.

- Жолаушылардың негізгі бөлігі — 98,1% автомобиль және қала ішіндегі тасымалдар (автобустар, троллейбустар, такси және басқа да көлік түрлері) үлесінде. Биылғы жылдың 10 айында 1 561,5 млн жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 12,2% артты. Бұл сегменттен түскен табыс 406,3 млрд теңгені құрады, - делінген хабарламада.

Статистика бюросының мәліметінше, такси қызметін 10 айда 137,1 млн жолаушы пайдаланған, өткен жылмен салыстырғанда өсім — 2,4 есеге ұлғайған.

Ал теміржол көлігі 16,3 млн жолаушы тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7% аз. Табыс мөлшері 120,3 млрд теңге болды.

Әуе көлігі 13 млн жолаушы тасымалдап, өсім 6,1% құрады. Әуе тасымалдарынан түскен табыс 741,8 млрд теңге болды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив