A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 15:55 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, ертең түнде өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең аймақтың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, солтүстік пен оңтүстікте жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. 

Өскеменде көктайғақ болуы ықтимал. 

ШҚО ТЖД өкілдері жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қашықты сақтауды, жаяу жүргіншілерге абайлап және асықпай жүруге, боранда жолға шықпауды, ұзақ сапарларды кейінге қалдыруды ұсынады. 

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар. 



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив