25 қараша күні еліміздің 14 облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірлердің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, боран және күшті жел күтіледі.
Жетісу облысы – түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында, таулы аудандарда тұман. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысы – облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және Атырау қаласында тұман.
Маңғыстау облысы – оңтүстік-шығыс жел 15-20 м/с.
Қызылорда облысы – жергілікті жерлерде тұман.
Батыс Қазақстан облысы – облыс аумағында және Орал қаласында тұман.
Ақтөбе облысы – түнде солтүстігі мен шығысында тұман.
Қарағанды облысы – шығысында көктайғақ, кей өңірлерде тұман. Желдің екпіні 15 м/с.
Абай облысы – қар, төменгі боран, көктайғақ; түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы – қар, боран және көктайғақ; Өскеменде түнде көктайғақ. Жел 15-20 м/с.
Қостанай облысы – батысы мен солтүстігінде көктайғақ, тұман; жел 15-20 м/с.
Ұлытау облысы – кей жерлерде тұман.
Павлодар облысы – батысы мен оңтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы – күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран. Жел 23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысы – тұман, түнде көктайғақ. Жел 15-20 м/с.
Синоптиктер азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуға және мүмкіндігінше алыс сапарларды шегере тұруға шақырады.
Пікірлер