A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:30 0

ШҚО-да жол апатынан 3 адам көз жұмды

Бүгін / ШҚО

24 қарашада Тарбағатай ауданындағы «Омбы–Майқапшағай» республикалық маңызы бар тасжолының 877 шақырымында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Chevrolet Onix пен Howo жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Onix жеңіл көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - делінген департамент ақпаратында, 
Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив