455 498.77 5.56
A+ A A-

Өскеменде төрт көліктің қатысуымен жол апаты болды

Өскеменде төрт көліктің қатысуымен жол апаты болды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

24 қарашада облыс орталығындағы Әуезов даңғылында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі ауа райына байланысты қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, Kia Cerato көлігімен соқтығысқан. 
- Салдарынан Kia Cerato көлігінің Lada көлігімен соқтығысып, ол өз кезегінде Toyota Camry көлігімен соқтығысты, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. 
Полицияның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив