Кеше кешке қардың жаууы тоқтап, «Таза Өскемен» және өзге де кәсіпорын қызметкерлері қар тазалау жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Мамандандырылған техника мен жол бригадалары түні бойы тоқтаусыз жұмыс істеді. Біздің мақсатымыз - таңертеңге дейін боран салдарын мүмкіндігінше жою, қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз ету. Қала тұрғындарына шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз. Түнде барлық қарды тазалау мүмкін емес. Коммуналдық қызметкерлер қала жолдары толық қалпына келгенше күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда, - делінген «Таза Өскемен» ресми ақпаратында.
Пікірлер