Өңірде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралуы артып келеді. Бүгінде 65 000-нан астам жағдай тіркелді, оның 40 000-нан астамы - 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы аурушаңдық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен аптада «Гонконг тұмауының» 25 жағдайы анықталса, қазір ауруға шалдыққандар саны 49-ға жетті. Өскеменде 35 факті анықталды, оның ішінде 28 бала бар. Риновирус, боковирус және аденовирус та таралуда. Ал коронавирус инфекциясының екі жағдайы расталды.
Дегенмен эпидемиологтар «Гонконг тұмауының» ерекше белгілері жоқ екенін және басқа маусымдық штаммдармен бірдей екенін атап өтеді.
Айта кетейік, қазір балалар арасында инфекция жұқтыру жиілігін азайту үшін аймақтағы 111 мектеп уақытша қашықтан оқытуға көшті.
Пікірлер