A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 12:35 0

Өскеменде кино билеттері қымбаттады

Бүгін / Өскемен

Қысқы маусым қарсаңында елдегі кинотеатрларда билет бағалары тез өседі. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазан айында кинотеатрға бір реттік кіру құны 12,9%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазан айында Қазақстанның ірі қалаларында кино билетінің орташа бағасы 2400 теңгені құрады.

Семейде билет құны 1600 теңге тұрса, Өскеменде 3100 теңгеге жетті. Жалпы Шығыс Қазақстандағы кино билетінің бағасы өзге ірі қалалар арасында ең жоғары екенін атап өткен жөн. Тіпті Астана мен Алматыда билет құны 2800 және 2300 теңге тұрады.

Бұдан бөлек, кинотеатрларға шетелдік фильмдерден ғана емес, қазақстандық туындылардан табыс түсе бастады. Былтыр жалпы кіріс 43,6 млрд теңгені құрады. Оның 24,2 млрд теңгесі шетелдік, 17,6 млрд теңгесі отандық киноларға тиесілі. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив