A+ A A-

talgatzhan 28 Кеше, 13:00 0

Өскеменде із-түзсіз жоғалған екі адам Алматыдан табылды

Бүгін / Өскемен

Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері жоғалған екі азаматтың орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың жоғалғаны туралы бірінші хабарлама «102» арнасына 3 қараша күні, екіншісі 8 қараша күні түсті. 
- Көмек сұрап, полицияға жоғалған ер адамдардың жұбайлары жүгінген. Олар өз жақындарының ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, үйге оралмағандарын жеткізді. Бір жағдайда ер адам үйден шығар алдында анасынан ақша алып, жоғалып кеткен. Екіншісінде тұрғын таксимен Павлодар қаласына кетіп, туыстарымен байланысын үзген, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі ақпаратында. 
Іздеу шараларын ұйымдастыру үшін жедел тергеу тобы құрылып, ер адамдардың орналасқан жері анықталды.
Екеуі де Алматыдан табылған. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив