A+ A A-

talgatzhan 30 15-10-2024, 16:45 0

ШҚО-да биыл 500-ге жуық өрт болған

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың басынан бері  барлығы 500-ге жуық өрт болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында барлығы 492 өрт шыққан. Оның 342-сі жеке тұрғын үй секторында болды. Бұл барлық өрттердің 69%-ын құрайды.
Өңір бойынша әлеуметтік осал санаттағы отбасылар тұратын 3 101 үй бар. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ТЖД қызметкерлері мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түтін мұржаларын тазалау, пеш жабдықтарындағы жарықтар мен саңылауларды жою, пеш алдындағы қорғаныш металл қаңылтырды орнату сынды көмектер көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив