A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:35 0

Өскеменде зорлық-зомбылыққа қарсы акция басталды

Бүгін / Өскемен

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акция тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдауға бағытталған.

Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері Өскеменде әйелдерге қатысты 1000-нан астам қылмыс жасалған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектептер оқушылары арасында флешмобтар мен байқаулар өткізіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын театр қойылымына апарады. Сауда орталықтары мен көшелерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда не істеу керектігі туралы ақпарат тарату жоспарлануда.

Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдың куәгерлері полицияға хабарласа алады. Мұндай жағдайда әйелдер “Үлбі” орталығының сенім телефонына қоңырау шала алады: 77-19-22, 8-771-44-511-44. 

Ұлттық сенім телефоны (150), Отбасы, әйелдер және балалар сенім телефоны (111) да қолжетімді.

Қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Нұргүл Саяжанова: 8-705-532-33-77.

Қалалық полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі аға инспекторы Азиза Сатыева: 8-776-309-99-93. 

Полиция майоры Лидия Сапарғалиева: 8-776-444-40-57.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив