Жиі апат болатын учаскелерде жылдамдық төмендетіліп, жаңа жол белгілері қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
- Ең апатты учаскелер анықталды. Қазір бұл жолдарда жылдамдықты төмендету, қажетті белгілерді орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталған шаралар жалғасады, – деді Мақсат Қалиақпаров Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, жақында Ақтөбе облысындағы қауіпті жолдың бір бөлігі жөнделген, осыдан кейін ол жерде бірде-бір жол апаты тіркелмеген.
- Ақтөбе облысында бірнеше апатты қауіпті учаске бар. Соның бірінде жуырда тиісті шаралар қабылданды және расымен өзгерістер енгізілгеннен кейін бірде-бір жол апаты болған жоқ. Қазақстан бойынша мұндай учаскелер елуге жуық. Барлық өңірде жұмыстар жүріп жатыр, жол белгілері орнатып, ерекше бақылау күшейтілуде. Мұны ІІМ мен ТЖМ қызметтерімен бірлесіп істеп жатырмыз, – деп мәлімдеді Мақсат Қалиақпаров.
Пікірлер