Кеше №4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне 162 азамат түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Медициналық мекеме мәліметінше, 162 науқастың 32-сі тұрмыстық, 130-ы көше жарақатын алған. Атап айтқанда, 76-сы – сүйектің сынуы, 59-ы – көгеру, 2-уі – буынның шығуы, 23-і – созылу диагнозымен көмекке жүгінген. Сонымен қатар бір адам күйікпен, тағы біреуі жүрек жарақатымен түсті. Адам санының көптігінен тағы 3 дәрігер тартылды.
Ал бүгін бөлімшеде екі маман жұмыс істеп жатыр. Сағат 08:00–10:30 аралығында тағы 36 адам медициналық көмек сұрап келген.
Дәрі-дәрмек пен қажетті құрал-жабдықтар қоры жеткілікті.
Пікірлер