A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:00 0

Қазақстанда бензин бағасы өсіп кетпей ме? Министр жауап берді

Бүгін / Республика

Энергетика министрі АИ-95 және АИ-98 бойынша баға өсуі мүмкін, ал АИ-92 мен дизельге мораторий күшінде екенін еске салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ  сайтына сілтеме жасап. 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, жанар-жағармай нарығында алдымен әлеуметтік маңызы бар отын түрлеріне назар аудару қажет. Олардың қатарына бұрын мемлекет тарапынан реттеліп келген АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны кіреді.
- АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин бағасы бұрын ешқашан мемлекеттік реттеуге жатпаған. Сондықтан бұл отын түрлері бойынша баға өсуі мүмкін. АИ-92 бензині мен дизельдік отынға 2026 жылдың наурызына дейін мораторий жарияланған. Осы кезең ішінде үкіметтің шешіміне сәйкес, олардың бағасы өзгермейді, - деді Ерлан Ақкенженов Ақорда кулуарында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив