A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда сәби өлімі 19,3%-ға төмендеді

Бүгін / Республика

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев еліміздің нәрестелер өлімін төмендетудегі елеулі ілгерілеуі туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Осы жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға төмендеді. Бұл 1000 тірі туғандағы көрсеткішке шаққанда 5,84 пайыз деген сөз. Ал былтыр бұл көрсеткіш 7,24% болған, - делінген хабарламада. 

Тимур Сұлтанғазиев мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Сондай-ақ бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылданып отыр.

Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады.

Ерекше назар аударылады:

МСАК деңгейінде педиатриялық стационарлар мен қызметтерді дамыту;
ерте араласу орталықтарын құру және кеңейту;
патронаж қызметін нығайту және оны толықтыру;
балалардағы аурулардың алдын алуды және ерте анықтауды күшейту.

- Әр баланың денсаулығы — біздің басымдығымыз. Біз еліміздің әр өңірінде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз, - деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның кішкентай азаматтарының денсаулығын қорғауға бағытталған шаралардың оң серпінін сақтап, нығайтуға ниетті.

Десе де ТМД елдерінің ішінде сәби өлімінің тіркелуі бойынша Қазақстан алдыңғы қатардан түспей келеді. Сәбидің дүниеге келу деректері өскенімен, олардың шетінеп кету көріністері көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Статистикаға шақсақ, бала туу көрсеткіші екі пайызға артса, тиісінше сәби өлімі бір пайызға көбейген. Бұл дерек елдің демографиялық ахуалын көрсетсе керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив