A+ A A-

talgatzhan 37 Кеше, 15:40 0

ШҚО-да биыл өкпе обырының 228 жағдайы тіркелді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Мұқадиева мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маманның айтуынша, аталған көрсеткіш бірнеше жыл қатарынан тұрақты деңгейде қалып отыр. Өңірде өкпе обыры онкологиялық аурулар құрылымында үшінші орында тұр. 
– Ауруға шалдыққан науқастардың орташа жасы - 40-80 жас. Ең жоғары көрсеткіш 60-69 жас аралығындағы адамдар арасында байқалады, – деді Бекзат Мұратбекқызы.
Сонымен қатар ол қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау көрсеткішінің жақсарғанын атап өтті. I-II кезеңдерде 65 жағдай (31,3%) анықталды. Алайда әрбір бесінші науқас онкологиялық аурудың тек IV кезеңінде медициналық көмекке жүгінеді. Бұл кезде емдеу мүмкіндігі күрт төмендеп, болжам нашарлай түседі.
Бекзат Мұқадиеваның сөзінше, ерте диагностикаға басымдық беру аса маңызды. Сол үшін халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын төмен дозалы компьютерлік томография (ТҚКТ) әдісі тиімді нәтиже көрсетуде.
– ТҚКТ жоғары тәуекел топтары арасындағы өлім-жітімді 40 пайыздан астам төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл технология ісікті бірнеше миллиметр көлемінде, яғни адамда ешқандай симптом байқалмайтын кезеңде анықтай алады, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив