A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 15:50 0

ШҚО-да келесі жылы өкпе обырын ерте анықтауға арналған скрининг басталады

Бүгін / ШҚО

Төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ) технологиясы арқылы жоғары қауіп тобына жататын науқастардың денсаулығын тексеруге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл әдіс 55-80 жас аралығындағы шылым шегетін және бұрын темекі шеккен азаматтарда жаман ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
– Шығыс Қазақстан облысы бұл бағдараламаны іске қосуға толық дайын. 2018-2022 жылдары өңір ҚазОРҒЗИ пилоттық жобасына қатысты. Нәтижесінде 697 зерттеу жүргізіліп, ерте патологиялық өзгерістер анықталды. Осы тәжірибе ТДКТ-ның тиімділігін дәлелдеді: технология ауруды уақытында байқауға нақты мүмкіндік береді, – деді ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Мұратбекқызы.
Оның айтуынша, өкпе обыры - тек кешенді әрекет арқылы жеңуге болатын ауру.
– Бұл бағытта профилактиканың, дәрігерге уақтылы жүгінудің және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетінің рөлі зор, – деді маман.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив