Полицияға облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны хабарласып, үйіне біреудің кіріп кеткенін айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, күдікті дәліздегі пластикалық терезе арқылы кіріп, ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асады.
- Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Ұрланған қаражат пен әшекейлер иесіне қайтарылды, - делінген ШҚО Полиция департаменті ақпаратында.
Пікірлер