A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да егін жинау науқаны аяқталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс әкімдігі отырысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, бүгінде егін жинау жұмыстары толығымен аяқталды.
– Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 616,9 мың гектарды құрады. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 38%, майлы дақылдар 42%, жемшөп дақылдары 17,5%, картоп 1,1%, көкөністер мен бақша өнімдері 0,64% құрады. Дәнді дақылдар 235,7 мың га алқапта (528,2 мың тонна бастырылды), майлы дақылдар 259,5 мың га алқапта (537,1 мың тонна), жемшөп дақылдары 108,1 мың га алқапта, картоп 7,3 мың га алқапта, 
көкөністер мен бақша дақылдары 4 мың га алқапта жиналды, – деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы өнімге тұқым жинау қолға алынды. 
– Облыс диқандары 52 мың тонна дәнді дақылдар, 3,5 мың тонна майлы дақылдар тұқымын дайындады. 13 мың тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымы жиналды, – деді Ажар Қаджибекова. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив