A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 11:10 0

ШҚО-да «Қыс-2025» оқу-жаттығуы аясында ескерту жүйесі тексеріледі

Бүгін / ШҚО

28 қарашада сағат 11:00-де мобильді құрылғылар арқылы «Жаппай дабыл» төтенше жағдай туралы хабарлау жүйесінің техникалық сынағы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқу-жаттығу барысында сирена және дауыстық хабарлау құрылғылары іске қосылып, теледидар мен радио арналары уақытша ұсталады. ТЖ департаменті тұрғындарды түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырады.

- «Баршаңыз назар аударыңыз!» дабылы — төтенше жағдай немесе қауіп төнген кезде негізгі ақпараттық хабарламалар берілер алдында халықтың назарын аудару үшін қолданылатын ескерту сигналы, - делінген ақпаратта.

Сирена дыбысын естіген тұрғындар дереу теледидарды немесе радионы қосып, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми әлеуметтік желілеріндегі хабарламаларды, Darmen мобильді қосымшасындағы ескертулерді және «112» қызметінен түсетін SMS-хабарламаларды бақылауы тиіс.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив