Бұл шектеу өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау таралуына байланысты енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір өңірде тыныс алу жолдары инфекцияларының айтарлықтай өсімі байқалады. Статистикалық деректерге сүйенсек, облыста 65 мыңға жуық тұрғынға ЖРВИ диагнозы қойылған. Оның ішінде, 200-ден астам жүкті әйел бар.
ШҚО Ана мен бала орталығы өкілдерінің мәліметінше, эпидемиологиялық шектеу шаралары аясында босану бөлімшелерінде серіктестің болуына уақытша тыйым салынған.
– Карантиндік талаптардың күшеюіне байланысты серіктеспен босану уақытша тоқтатылды. Босану бөлмелерінде олардың қатысуына рұқсат берілмейді. Қалыпты тәртіптің қайта енгізілуі туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады, – делінген орталықтың ақпаратында.
Сонымен қатар, аймақта Гонконг тұмауының да өсімі тіркеліп отыр. Бүгінде бұл инфекцияны жұқтырған 50-ге жуық адам анықталған.
Пікірлер