A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:20 0

ШҚО-да жыл соңына дейін 27 ауыл интернетке қосылады

Бүгін / ШҚО

Бүгін облыс әкімдігінің кезекті отырысында ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Сапарғалиев «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 2022 жылдан бері интернетке қосылған елдімекендер саны тұрақты өсуде. 
- 2022 жылы 17, 2023 жылы 20, 2024 жылы 45 ауылға ғаламтор іске қосылды. Биыл 28 елдімекенде интернет пайда болды. Жыл соңына дейін бұрын қамтамасыз етілмеген 111 елдімекеннің тағы 27-сін қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 291 ауыл қамтылып, халықты тұрақты интернетпен қамту деңгейі шамамен 99%-ға жетпек, - деді  Арнұр Сапарғалиев.
Ал Катонқарағай, Күршім, Марқакөл сынды жетуі қиын таулы және шекара маңындағы аудандарда орналасқан 66 ауыл 2027 жылы кезең-кезеңімен байланыспен қамтамасыз етіледі. 
- Мәслихаттардың Алтай ауданындағы Ленинск, Ландман, Кутиха ауылдарын, Шемонаиха ауданындағы Заречное және Рулиха ауылдарын тарату туралы шешімдері ескеріліп, инфрақұрылымдық жобаларға жалпы қажеттілік 61 қамтамасыз етілмеген елдімекенге дейін төмендетілді. Осылайша, 357 ауылдың 246-сында интернет бар, - деді жауапты тұлға. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив