Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен отырыста белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсаттың айтуынша, облыста мыс, қорғасын, мырыш, алтын, көмір, металл емес минералдар және көмірсутектер кен орындары бар.
- Биыл өңірде 508 жер қойнауын пайдалану учаскесі тіркелген. Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 136 келісімшарт, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 238, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған 8, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған 37, жер қойнауын геологиялық барлауға арналған 7, жер қойнауын жерасты барлауға арналған 3, қолөнермен өндіруге арналған 71 лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған 8 рұқсат бар. Бұдан бөлек, облыста әртүрлі шикізаттың 250-ден астам кен орны бар, оның 80-і руда кен орны. Ал көп таралған пайдалы қазбалардың 180-нен астам кен орны бар, - деді басқарма басшысы.
Аймақта полиметалл кен өндіру секторындағы ең ірі компаниялар қатарында Алтай ауданы мен Риддер қаласындағы ең ірі полиметалл кен орындарын игеретін «Казцинк» ЖШС, Ертіс кен өндіру аймағында (Глубокое және Шемонаиха аудандары) кен өндірумен айналысатын «Востокцветмет» ЖШС бар.
- Былтыр полиметалл кенінің жалпы өндірісі 3,9 млн тоннаны құрады. Оның ішінде 28 000 тонна қорғасын, 128 000 тонна мырыш және 51 000 тонна мыс бар. Сондай-ақ алтын құрамдас кендерден 8,9 тоннадан астам алтын өндірілді, - деді Исатай Аңсат.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер