Ресми ақпаратқа сенсек, өрттің жалпы ауданы 203,9 гектарды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2025 жылғы маусымға дайындық барысында 196 бірлік өртке қарсы техника мен 3 мыңнан астам құрал-жабдық әзірленген. Жанар-жағармай қоры толық жасақталған, яғни 32,7 тонна дизель отыны және 50,88 тонна бензин. Бұдан бөлек, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін жетілдіру бойынша да бірақатар жұмыс атқарылды. Оның ішінде, антенна-діңгектер орнатуға арналған 90 нүкте анықталып, «Қазақтелеком» мамандары 11 объектіге зерттеу жүргізді.
- Өрттің жалпы ауданы 203,9 гектарды құрады. Тұтастай алып қарағанда 27 орман өрті тіркелді. Оқиғалардың басым бөлігі табиғи факторлардан болған оның ішінде 24 жағдайда найзағай түсуінен туындады, - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Қайрат Мейрембеков.
Мамандардың айтуынша, маусым бойы атқарылған шаралар өрттердің алдын алу, ерте анықтау және орманды қорғау жүйесі тиімділігін арттыруға мүмкіндік берген.
Пікірлер