28 қарашада Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу Пермитин көшесі, 17 мекенжайында орналасқан қала әкімдігі ғимаратында өтеді.
10:00–11:00 — Азаматтарды жеке қабылдау;
11:00–12:00 — Тұрғындармен, коммерциялық емес ұйымдармен және қоғамдық ұйымдармен кездесу.
Онлайн трансляция Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде көрсетіледі.
Тіркелу үшін 8-701-100-44-66 телефонына қоңырау шалыңыз.
Пікірлер