ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат ұсынған мәліметке сүйенсек, облыстағы 9 учаскеде 2024 жылдан 2027 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол үшін республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге, оның ішінде осы жылға 0,9 млрд теңге бөлінді.
- Аталған бастама аумақты зерттеуді жақсартуға, ресурстық базаны нақтылауға және жеке инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасауға бағытталған, - деді Исатай Аңсат.
Оның сөзінше, облыстың минералды-шикізат базасы әлі де сарқылмаған.
- Аймақта одан әрі барлауды қажет ететін көптеген кен орны анықталды. Алтай, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарының әлеуеті зор, - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, былтырғы мәліметтер бойынша өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке 120 млрд 202 млн 957 мың теңге салық төлеген.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер