Бұл туралы облыс әкімдігінің кезекті отырысында ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, ірі тау-кен және металлургиялық кәсіпорындарға экологиялық бақылау күшейтіліп, заңсыз өндірудің алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдануда.
- Мемлекеттік экологиялық қадағалау аясында ірі кәсіпорындар жоспарлы және жоспардан тыс тексеріліп отырады. Сондай-ақ алтын мен пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді анықтау мен алдын алу ерекше назарда. Ол үшін бірлескен рейдтер өткізіледі. Биыл осыған қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды, - деді Исатай Аңсат.
Сондай-ақ рұқсаты бар жер қойнауын пайдаланушылар алтынды мұнай өңдеу фабрикаларына жеткізу мәселесімен ұшырасып жатыр. Себебі алтын кемінде 5 келі мөлшерде қабылданады.
- Бұл мәселені шешу үшін ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалы мен «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға осы ұйымдарда кесек, құм және шашыраңқы алтын жинау пунктін ашу туралы ұсыныстар жіберілді. Шешімі қарастырылуда, - деді басқарма басшысы.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер