A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:00 0

Зайсан ауданында биыл 340 нәресте дүниеге келді

Бүгін / Зайсан

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның айтуынша, ауданда медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, мамандарды жұмысқа алу және ауылдарда қызмет сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.

- Бүгінде Зайсанда 1 аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 14 медицинадық пункт, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 жекеменшік емдеу орталығы халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері ауданда 340 нәресте дүниеге келді, - деді Аэлита Ахметсәлімқызы.

Анықталғандай, аудандық ауруханада кадр тапшылығы жоқ. 

- Биыл акушер-гинеколог пен екі жалпы тәжірибелі дәрігер жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар 6 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді, - деді аудан басшысы. 

Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында ауруханаға компьютерлік томография сатып алынған. Қазір құрылғы Зайсан және көршілес аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді қызмет көрсетуде.

- Келесі жылы Жалшы және Бақасу ауылдарындағы медициналық пунктер күрделі жөндеуден өтеді. Ал аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміндегі күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, - деді Аэлита Ахметсәлімқызы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив