A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:10 0

Зайсанда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

Бүгін / Зайсан

Бүгінде аудандағы 28 мектепте 6486 оқушы білім алуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының сөзінше, биыл 300 орындық жаңа білім ордасы оқушыларға есігін ашты. 

- Қазір Үлкен Қаратал, Сарыжыра ауылдарында жаңа мектептердің құрылысы, Жарсу ауылында спорт корпусының құрылысы қарқынды жүргізілуде, - деді ол. 

Бұдан бөлек, ауданда 35 жасқа дейінгі жастар халықтың 20,4 пайызын құрайды. Олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. 

- Ауданда 105 спорт нысаны, 11 мәдениет ошағы жұмыс істейді. Түрлі спорт үйірмелеріне екі мыңнан астам адам қатысады. Жергілікті  спортшылар жақсы нәтижелер көрсетуде. Биыл шілде айында аудандық футбол командасы облыс чемпионы атанса, дзюдодан өткен облыстық ашық турнирде зайсандық Пазыл Ерасылұлы жеңімпаз атанды, - деді Аэлита Ахметсәлімқызы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив