Ауданда жастарды жұмыспен қамту және олардың бастамаларын қолдау бағытында бірқатар жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл “Жас прожект” жобасы аясында 18 адам 1 млн теңге көлемінде грант алып, өз кәсібін бастады.
- Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 8 аудан тұрғыны 1,5 млн теңгеден қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал “Бастау бизнес” жобасы бойынша 29 жас кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Жастарды қолдау және білім саласын дамыту — аудан дамуының басым бағыттарының бірі, - деді аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы.
Пікірлер