A+ A A-

talgatzhan 28 Кеше, 17:45 0

ШҚО-да фитосанитариялық сараптаманың жаңа ақылы тәртібі пилоттық режимде іске қосылды

Бүгін / ШҚО

24 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізудің жаңа тәртібі пилоттық режимде енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Халықаралық сауданың өсуі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының артуы жағдайында фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері ерекше маңызға ие болып отыр. Зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, карантинге жатқызылатын өнімді тиімді бақылау — ішкі нарықты қорғаудың және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.
- 24 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізудің жаңа тәртібі пилоттық режимде енгізілді. Бұл шешім Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Беларусь және Ресей тәжірибесін ескере отырып қабылданды және көршілес мемлекеттермен тең жағдай қалыптастыруға бағытталған. Сараптаманы «Фитосанитария» ШЖҚ РМК жүргізеді, - делінген АШМ хабарламасында.
Жаңа тәртіптің тиімді жұмыс істеуі үшін аталған облыстарға карантинге жатқызылатын өнім жеткізілетін бақылау пункттері айқындалды. Экспортталатын өнімге арналған зертханалық сараптама елдің барлық өңірінде ұйымдастырылған.
Тәртіпті енгізуге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен түсіндіру кездесулері өткізілді. Территориялық бөлімшелер мен зертханалардың мамандары қажетті оқыту курсынан өтті. Инспекция басшыларына сараптамалардың сапалы және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Жаңа тәртіп фитосанитариялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сараптамалардан түсетін қаражат саланы дамытуға — зертханалық жабдықтарды жаңартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив