A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:20 0

Шемонаиха ауданында ұрлық жасамақ болған ер адам ұсталды

Бүгін / Шемонаиха / Қылмыс

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 17 қараша күні 96 жастағы жалғыз тұратын қарттың үйіне белгісіз адам заңсыз кіріп, ақша талап еткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«102» арнасы арқылы полицияға пәтерлердің бірінде айғай-шу болып жатқаны жөнінде хабар түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.

- Тексеру барысында ер адамның терезе арқылы қарт әйелдің үйіне кіріп, күш көрсету арқылы ақша талап еткені белгілі болды. Бұдан бөлек, үйден құнды заттарды іздей бастаған сәтте көршілердің дауысын естіп, оқиға орнынан қашып кеткен, - делінген ресми мәліметте. 

Нәтижесінде Шемонаиха ауданының 43 жастағы, бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив