A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:30 0

«Рахман қайнарлары» курортының жұмысы неге тоқтап тұр?

Бүгін / ШҚО

Жуықта өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Рахман қайнарлары» курортын қалпына келтіру жоспары жөнінде айтты. Көп жыл бойы жекеменшік қолында болып, даулы сот процестерінен кейін ғана мемлекет меншігіне қайтарылған нысан қазір жергілікті атқарушы органдардың қарауында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Рахман қайнарларының» өзі бұған дейін Анатолий Балушкин бас акционері болған «БИПЭК Авто Қазақстан» акционерлік қоғамына тиесілі еді. Қазір санаторий жұмыс істеп тұрған жоқ. Өңір басшылығы құжаттарды реттеп, мүлікті түгендеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

- «Рахманов қайнарлары» – Шығыс Қазақстандағы ең көрікті орындардың бірі. Ұзаққа созылған сот істерінен кейін тек тамыз айының соңында тиісті шешім шығып, біз бұл нысанды қабылдап алдық. Қазір барлық қажетті құжатты: жер актілерін, объектілерге қатысты құжаттарды ретке келтіріп жатырмыз. Онда 92 нысан, 2000-нан астам түрлі мүлік бар, – деді Сақтағанов.

Әкімнің айтуынша, курорт аумағында күзет қойылған, техникалық әрі құжаттық жұмыстар жүріп жатыр. Сақтағанов сонымен бірге курортқа апаратын жол жағдайына тоқталды: 13 шақырымдық учаске жөнделген. Барлық жұмыс аяқталды, тек асфальт төсеу ғана қалған. Асфальтбетон жабыны келесі туристік маусым басталғанша төселмек. Сонда келушілер «Рахман қайнарларына» емін-еркін жете алады.

Шипажайдың нақты қашан емдік-сауықтыру мақсатында қайта ашылатыны туралы сұраққа Сақтағанов әзірге нақты мерзім айтуға ерте екенін жеткізді. Себебі сол, облыс басшылығы бұл нысанға соңғы жылдары іс жүзінде қол жеткізе алмады. Тек тамыз айының соңында сот шешімінен кейін ғана толық иелік ету мүмкін болған.

- Қазір біз құжаттарды реттеумен айналысып жатырмыз. Содан барып ашық әрі жария түрде арнайы жұмыс тобы құрылып, мәселеге жан-жақты талдау жүргізеді. Барлық нұсқаны сараптап барып, «Рахманов қайнарларын» әрі қарай қалай пайдаланатынымыз жөнінде шешім қабылдаймыз, – деді облыс басшысы.

Orda.kz ақпаратынша, наурыз айында Өскеменде ұстатпай жүрген миллиардер Анатолий Балушкинмен байланысы бар «Азия Авто» мен «БИПЭК Авто Қазақстан» компанияларының сегіз топ-менеджеріне қатысты үкім шыққан еді. Екеуі ақталып, алтауы 2,6 жылдан 2,8 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Дегенмен жазаларын өтеулеріне байланысты барлығы бостандыққа шықты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив