Қазақстанда 9,5 мыңнан астам мектеп сыныбы қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, елдің бірқатар өңірінде ЖРВИ мен тұмауға байланысты эпидемиологиялық ахуалға қиындап, 9 526 мектеп сыныбы қашықтан оқытуға ауыстырылған.
26 қарашадан бастап Қазақстанда 789 мектеп пен 9526 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Өңірлер бойынша жағдай келесідей:
Қостанай облысы: 155 мектеп, 2519 сынып
Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО): 133 мектеп, 1972 сынып
Абай облысы: 123 мектеп, 952 сынып
Ақмола облысы: 83 мектеп, 795 сынып
Павлодар облысы: 78 мектеп, 560 сынып
Астана қаласы: 60 мектеп, 643 сынып
Жамбыл облысы: 44 мектеп, 1283 сынып
Ұлытау облысы: 30 мектеп, 195 сынып
Қарағанды облысы: 28 мектеп, 182 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО): 39 мектеп, 182 сынып
Атырау облысы: 9 мектеп, 158 сынып
Маңғыстау облысы: 5 мектеп, 82 сынып
Батыс Қазақстан облысы (БҚО): 2 мектеп, 3 сынып
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда 2,1 миллион адам тұмауға қарсы екпе алған. Республика бойынша 3 мыңнан астам үлгі зерттеліп, риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС-вирус және басқа да бірқатар вирустың таралып жүргені анықталған.
Пікірлер