A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:40 0

Зайсан ауданында мал басы артып келеді

Бүгін / Зайсан

Биыл ауданда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ет, сүт және жұмыртқа өндірісінде тұрақты өсім бар. Мал басының да өсу динамикасы сақталған. 

Аудандағы «Зайсан-Вет» мекемесі 11 арнайы автокөлікпен жаңартылды. 

Бұдан бөлек, Үйдене су қоймасынан 155 шаруашылық 8,6 мың гектар алқапты суарады. Су қоймасын қайта жабдықтау жұмыстары іске асқанда 10 мың гектардан астам суармалы жер толық қамтамасыз етіледі. 

Кендірлік су жүйесін жаңғырту Үкімет бағдарламасына енгізілді. Өткен жылы алғаш рет тамшылатып суару технологиясы енгізілді.

Бұдан бөлек, өнеркәсіп өндірісі 7,6 млрд теңгені құрап, 27,4%-ға артты. Ауданда мұнай, пайдалы қазбалар өндіру және құрылыс саласында ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 мыңға жуықтады.

Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 24 млрд теңгеге жетіп, 12 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша пәтерлер тапсырылуда. Сонымен қатар көпқабатты 30 пәтерлі үй пайдалануға берілді.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде үш әлеуметтік нысан салынуда. 

Қазір қалада 300-ден астам сауда және қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Бөлшек сауда айналымы 13,9 млрд теңгені құрады. 

Туризм саласы бойынша 6 оператор, 7 қонақ үй және 1 демалыс базасы қызмет етеді, туристер саны тәулігіне 1200 адамға дейін жетеді.

Айта кетейік, биыл ауданда  25,2 шақырым жол жөнделуде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив