Үржар аудандық прокуратурасы ауылдың бұрынғы әкімі қоғамдық жұмысқа бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Прокуратура сотқа дейін тергеп-тексеріп, шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.
- Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. "Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді, – деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Пікірлер