A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда 250 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып жатыр

Бүгін / Республика

Қазақстанның 13 өңірінде 11,8 мыңнан астам сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл өзгеріс 903 мектепке және шамамен 250 мың оқушыға әсер еткен.

Жалпы алғанда қашықтан оқыту форматына 11 812 сынып өтті. Бұл - елдің 13 өңіріндегі 903 мектеп. Барлығы шамамен 250 мың бала онлайн форматқа көшті. Кеше мен бүгіннің арасында аздап ілгерілеу бар, — деді вице-министр.

Ол жағдай күн сайын бақылауда екенін, сыныптарды қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданатынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив