Қазгидромет 1 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және орталығында да тұман түседі.
1-2 желтоқсанда Жамбыл облысында тұман болады, 1 желтоқсанда күндіз тәулік бойы, 2 желтоқсанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 1-2 желтоқсанда тұман болады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында тұман болады.
Астанада 1 желтоқсанда тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады.
Пікірлер