A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде ЖРВИ жұқтырғандар көбейіп, ауруханаларда шектеу шаралары енгізілді

Бүгін / Өскемен

Өңірде жіті вирустық инфекция жұқтырғандар саны 70 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда тыныс алу жолдары инфекцияларын жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бүгінде 70 мыңға жуық адамға ЖРВИ диагнозы қойылған. Оның ішінде 200-ден астам жүкті әйел бар.
Осыған байланысты Өскемендегі Ана мен бала орталығында эпидемиологиялық шектеу шаралары енгізілді. Соның аясында босану бөлімшелерінде серіктестің болуына уақытша тыйым салынып отыр.
- Карантиндік талаптардың күшеюіне байланысты серіктеспен босану уақытша тоқтатылды. Босану бөлмелерінде олардың қатысуына рұқсат берілмейді. Қалыпты тәртіптің қайта енгізілуі туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады, - делінген орталық өкілдері таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек аймақта гонконг тұмауының да өсімі тіркеліп отыр. Бүгінде бұл инфекцияны жұқтырған 50-ге жуық адам анықталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив