Облыс әкімдігі құтқарушыларды заманауи жаңа катермен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
VОYAGER 850 ел бойынша су ресурстарының 40 пайызы орналасқан Шығыс Қазақстанның өзен-көлдерін патрульдеуге және судағы құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Мамандардың айтуынша, техникалық парктың жаңаруы өңірдің қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтардың орнын толықтырып, құтқарушылардың жүгін жеңілдетеді.
Сонымен қатар облыс әкімдігі ТЖМ-нің іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізетін екі әуе кемесіне арналған ангардың құрылысын бастады.
- Осындай база Шығыс Қазақстанның табиғи ерекшеліктерін, су тасқыны мен өрт қаупі жоғары маусымдардың күрделілігін ескергенде аса қажет. Жаңа ангар техниканың жыл бойы дайын болуын қамтамасыз етіп, құтқару операцияларының қауіпсіздігін арттырады, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер