Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жолға шығу заңбұзушылық болып есептеледі. Демек заң бұзған көлік жүргізушілері айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке сәйкес автокөліктер міндетті түрде қысқы шиналармен жабдықталуы тиіс.
Қазақстанда қысқы шиналарды қолдану талаптары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігімен реттеледі.
Заңға сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелектермен жүруі керек.
Бұл талапты орындамағандар айыппұл төлейді.
Бірінші рет құқықбұзушылық жасағаны үшін – 5 АЕК. Бұл 2025 жылы шамамен 19,7 мың теңге, 2026 жылы 21,6 мың теңге. Егер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК. Бұл 2025 жылы шамамен 78,7 мың теңге, 2026 жылы 86,5 мың теңге.
Пікірлер