A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:20 0

ШҚО әкімдігінде кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

Бүгін / ШҚО

Онда облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің аралық жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Президент тапсырмалары мен тұрғындар өтініштері негізінде айқындалған міндеттердің қалай орындалып жатқанын тыңдады.

Әр басқарма өз саласы бойынша есеп берді: аграрлық секторға инвестиция тарту, экономиканың қай бағыттары дамып келеді, азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істеу.

Жиналыста тұрғындардың белсенділігі артып келе жатқаны атап өтілді. Дегенмен бірқатар ведомствоға халықтан келіп түсетін өтініштермен жұмыс қарқынын арттыру міндеті қойылды.

ШҚО әкімі өзінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға өнеркәсіп бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, саланың ортақ даму индикаторларын қалыптастыруды күшейту қажеттігін айтты. 

Жиында туризмді дамыту жайы да сөз етілді. Бірінші орынбасар ұсынған туристік жоспарға қатысты Нұрымбет Сақтағанов:

- Туристік жоспар ұзақ баяндама күйінде жасалған. Бізге нақты нәтиже беретін, қысқа әрі түсінікті басқарушылық құжат қажет, – деп атап өтті.

Кеңес соңында облыс әкімі барлық басқарма басшыларына жыл соңына дейін жұмысты күшейтіп, әр тапсырманың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив